Астанада полицейлер Степногорск қаласында туннель арқылы зергерлік бұйымдар дүкенін тонады деген күдікке ілінген екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап."1 мамырда Степногорск қаласында белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, жалпы құны 180 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Елордада екі күдікті ұсталды: олар -1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары. Күдіктілерден заттай айғақтар, телефондар, құралдар мен көлік тәркіленді", - деді полиция.Тергеу жалғасып жатыр, күдіктілер қамауға алынды.