Ұлттық статистика бюросының 10 сәуір күні таратқан ақпаратына сүйенсек, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты. Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде: Ақтөбе қаласында – 25,4%; Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары: Қызылорда қаласы (37,8%); Ақтау қаласы (32,6%); Семей қаласы (31,6%); Қостанай қаласы (29,2%); Өскемен қаласы (24,7%). Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында: Көкшетау қаласы (51,1%); Петропавл қаласы (48%); Алматы қаласы (45,4%); Қостанай қаласы (45%). Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.