Тұрғындар банкке 17,2 трлн теңге қарыз

Халықтың банктерге 17 трлн теңге берешегі бар. Басым бөлігі -ипотекалық несие. Ал қалғанын не үшін алған? Ол туралы толығырақ "Экономика" топтамасында. Несиесі жоқ адамды қолыңа шам алып іздесең де табу қиын қазір. Әрқайсысының басында кем дегенде 1-2 кредит бар. Бір банктен қарыз алып, екіншісіндегіні жауып жүргендер көп. Осы қаржы ұйымдарына халық 17,2 трлн теңге қарыз. Оның 5,4 трлн теңгесі -ипотекалық, 10,7 трлн теңгесі -тұтынушылық несие. Бірақ, айта кету керек, соңғы айлары дәл осы тұтынушылық несиеге сұраныс азайыпты. Оның ішінде автокредитке жүгінетіндер саны кеміген. Өткен жылдың ақпанынан бері 13 мың 700 несие рәсімделген. Ал қарызға бас ұрмай, керек жарағын қолма-қол қаржыға сатып алатындар артық ақшасын депозитте сақтауды жөн көреді. Олардың 18,6 трлн теңгесі банкте жатыр. Неліктен ақшасын айналымға салмайды? Бауыржан ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ: Біздің экономикаға немесе кәсіпке ақша салғаннан көрі жеке тұлғаларға қаржысын депозитке салып қойып, үстемақысын алып отырған тиімді. Екіншіден, кәсіп ашуға тиімді климат жасалып жатқан жоқ. Экономикаға жұмыс жасамай тұрған ақшаны алып шығудың ең бір тиімді жолы біздегі базалық ставканы төмендету арқылы экононмикаға арзан несиелерді жұмсай отырып біз осыны жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын. «Бурабайда ем алғанша, шетелде демалған жақсы». Қазір көпшіліктің ойы осыған саяды. Былтыр 10 жарым млн-нан астам отандасымыз шекара асып, тынығып қайтқан. Көбінің таңдауы Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Қырғызстан, Өзбекстан, Мысыр мен Грекияға түсіпті. Қазақстанға саяхаттауды құп көрген туристердің де саны жылдағыдан артты. 9 млн 200 мың адам келді. Бұл- соңғы 11 жылдағы ең жоғары деңгей. Осы тұста мотелдер мен қонақ үйлердің тапқан табысы да рекордтық көрсеткішке жетті. 229 млрд теңгеден асқан. Оның 74 млрд теңгесі Алматы, 45 млрд теңгесі Астананың орналастыру орындарының кірісі. Биылғы жылдың алғашқы екі айында 15,5 мың тонна тазартылған қант өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе аз. Ішкі нарықтағы сұраныс та 3 есе азайып, 19,8 мың тонна болды. Сондай-ақ, бағасы біршама төмендеген көрінеді. Былтыр ақпанда қанттың келісі 460 теңгеден сатылса, қазір дүкен сөрелерінде шамамен 445 теңгеден саудалануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Ризабек Айтмұхан атақты Кайл Снайдермен белдесуі мүмкін
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Мемлекет басшысы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты