«Тұрғындар ипотека алу үшін пара беруге мәжбүр», - депутат

"7-20-25" бағдарламасы жемқорлықтың апанына айналды. Тұрғындар ипотека алу үшін пара беруге мәжбүр. Қазір банк менеджерлері үй алғысы келгендерден миллиондап ақша сұрайды. Теңгесін бермесең, бағдарламаға іліге алмауың мүмкін. Көптің бас ауруына айналған баспана мәселесін бүгін депутат Дәулет Мұқаев мәжілісте көтерді. Дәулет МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бүгін «7-20-25» бағдарламасына лимит ашылды. Ол 5 минутта бітті де қалды. Оқырмандардан «Бұл не деген сұмдық?» деген хаттар келіп жатыр. «Менен банк менеджері 1 млн 400 мың сұрады», «Менен 700 мың теңге сұрады» деп жазылған хаттар келіп жатыр. Бұл қашан тоқтайды? Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев депутаттың сұрағына мардымды жауап бере алмады. Тек қолдағы статистикасын ғана сөйлетті. Биыл бұл бағдарламаға мемлекет 105 млрд теңге болатын 10 мың пәтер берген. Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ: 2024 жылға жоспарымыз бар. Екінші мәселе, президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы жалға алуды жеңілдету үшін субсидиялау бағдарламасы іске асырылды. Тағы басқа бағдарлама бойынша мемлекет қаражат бөліп жатыр. Бірақ сіз өзіңіз білесіз, барлық халықты баспанамен қамтамасыз ету оңай емес. Егер сізде уақыт болса, бірге отырып, барлық бағдарламаны бірге қарайық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді