Егіндікөл ауданынан тұрғындар жаппай көшіп жатыр. Себебі, өңірде ауыз су тапшы. Әр аулаға 300 литр тасымал су ғана берілетін көрінеді. Тұрғындар бұл тамақ пен шәйға да жетпейді дейді. Шыдамы таусылған халық "AMANAT" партиясынан көмек сұрады. Партиялықтардың айтуынша, қазір ұзындығы үш жүз елу шақырым су құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Соның 65 шақырымы Егіндікөл аумағымен өтеді. Петр САМСОН, ТҰРҒЫН:Жағдай өте күрделі. Бірнеше жылдан бері аудан мен ауылдар сусыз отыр. Жағдай жыл өткен сайын қиындап барады. Соңғы рет суды мамыр айының басында берген. Содан бері тек тасымал су ішіп отырмыз. Тұрғындар таласып, кейде төбелесіп қалады. Қыстың күні мүлдем қиын.Егіндікөл ауданындағы құбыр ескірген. Шұрық-тесік. Соның салдарынан су ысырап болуда. Жыл басында осы құбырмен 1200 текше метр су жіберген. Оның тек 10 текше метрі діттеген жерге жеткен. Ал, құбырды жөндеуге жауапты компанияны мемлекет қаржыландырады. Десе де, компанияда жұмысшы мен техника жетіспейді. Лариса ШЕВЦОВА, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:Егіндікөлде ауыз судың тапшы екенін бүкіл Қазақстан біледі. Құбырлар күнде жарылады. Салдарынан Егіндікөлге су келмейді. Құбырларды жөндеуге жауапты "Нұра топтық су құбыры" компаниясында техника жоқ. Ол түгілі дәнекерлеуші, генераторлар, дәнекерлеу аппараттары да жоқ. Аудан тұрғындары таза ауыз суды пайдаланғысы келеді.