«Тұрғындардың табысын көбейту керек», - Президент

Елімізде жұмысы жоқ адам көп. Салдарынан тұрғындардың өмір сүру жағдайы төмендеп кетті. Енді оны қалыпқа келтіру үшін адамдардың табысын көбейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бұл қаншалықты мүмкін? Аружан Задабек Президент айтқан әлеуметтік мәселелерді жіпке тізді.Елдегі басты мәселе – жұмыссыздық. 2023 жылға дейін 3 миллион 300 мың адам еңбекпен қамтылуы тиіс. Оның 2 миллионнан астамы – жастар. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы арқылы елде екі қолға бір күрек таппай жүргендердің мәселесі шешілмек. Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Көз көріп, құлақ естімеген жаққа қаңғып кету деген, үй, бала-шағасын тастап кетіп жатыр қанша адам. Қанша семья ажырасып жатыр сонын кесірінен. Оның барлығы сол жұмыссыздықтың, халық жағдай, тұрмысының төмендігінен. Премьер-Министрдің орынбасары да жұмыссыздық мәселесіне алаңдаушылық танытты. Алтай Көлгіновтің уайымдауына негіз бар. Өйткені жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман қосылады. Ал, олардың бәрі бірдей жұмыспен қамтылуы екі талай. Алтай КӨЛГІНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұл жаңағы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелер. Сондай-ақ ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберілетін болады. Бұдан бөлек, жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін 40 миллиард теңге бөлінді. Мұндай көмек жыл сайын беріледі. Бірақ, мемлекетке иық сүйеген ірі бизнес өкілдері табысты осы жерден тауып, шетелге шашатын көрінеді. Бұл – елдегі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне кері әсерін тигізеді – деді Президент. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бізге «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер» қажет. Қазір мемлекет «жаппай жұмыспен қамту» қағидатын іске асыруда. Сол үшін әлеуметтік кепілдіктердің көлемін қысқартпай, шын мұқтаждарға қайта беруді қолға алды. Енді азаматтарға тек жәрдемақы емес, өнімді жұмыс орындары ұсынылмақ. Әлижан ОМАРОВ, САРАПШЫ: Біздің ең бірінші зайырлы мемлекет ретінде ондай кісілерді шектемеуіміз керек. Оларды қайта қоғамға араластырып, белсенді түрде өзінің азаматтық үлестерін қостыруымыз керек. Әртүрлі мемлекеттік органдар жастарды жұмыспен қамту мәселесімен айналысады. Бірақ, айта кететін жәйт, менің ойымша, ең бастысы кәсіптік бағдар беру үрдісін мектептен бастап дұрыстауымыз керек. Елдегі қымбат медициналық қызмет саны 11 есе өсті. Былтыр ауруханаларда ақша тапшылығы қатты сезілді. Керек құрал-жабдық қымбаттады. Қысқасы, бұл салада да шикіліктің көптігі байқалады. Сондықтан үкімет облыс әкімдерімен бірлесіп, медициналық сақтандыру қорының аймақтық филиалдарына аудит жүргізуі тиіс. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Денсаулық сақтаудың интеграциялық платформасын іске қосу мәселесі әлі шешілген жоқ. Жұмыс істеліп жатыр. Ал үкіметтің үлкен жоспарлары бар, бірақ тиімді және жедел жүзеге асыру маңызды. Президент бұл айтылған мәселелердің бәрі орындалуы керек деді. Қағазбастылыққа салынбай, нақты қадам жасау керек. Сондай-ақ, Президент 2050-Стратегиясын жаңартуды тапсырды. Еліміз үшін жаңа ұлттық даму жоспарын әзірлеу қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды