Туризмнен 175 млрд теңге табыс түсті

Былтыр елімізде ішкі туристер саны 5,5 млнға жуықтаған. Ал шетелден келген саяхатшылар 830 мыңнан асқан. Нәтижесінде отандық демалыс орындары 175 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 36 процентке көп. Бұған еліміздің 82 мемлекетпен визасыз режим енгізуі оң әсер еткен. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: 14 күндік визасыз режим енгізілген соң Қытайдан келушілер саны 12 есе, Үндістаннан саяхаттаушылар 3 есе артты. Алдағы уақытта шекарадан кіріп-шығу кезінде е-виза, е-Қонақ бағдарламаларын қолдануға рұқсат беру жағын шешу керек. Шетелдіктер Астана мен Алматыға жиі келеді. Маңғыстау мен Атырауға, Шымкентке баратындар да жыл санап артуда. Министрлік туристерге тартымды үздік 10 өлкені 20-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда былтыр инфрақұрылымды дамытуға 31 млрд теңге бөлініп, 33 жоба іске асырылған. Биыл 289 млрд теңгеге 70 нысан жөнделмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды