"Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу - бәрімізге ортақ міндет", - Президент

"Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу - бәрімізге ортақ міндет", - Президент

«Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бауырлас елдердің басшылары бас қалаға келді. Түркі әлеміне ортақ тақырыптарды талқылады. Оннан астам құжатқа қол қойылды. Ұйымның беделін салмақтай түсетін бастамаларды Сүндет Оралбек айтады. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Бауырлас елдердің бірлігі бекем. Түбі бір түркі елдері құрған ұйым төрткүл дүниеге танымал, беделі биік. Жаһанға ортақ құндылықты көрсетіп, насихатталуда. Алдағы жоспарды айқындап, түркі әлемінің келешегі - 2040 атты құжат бекітілді. Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты түркі жұрты мекен етеді. Ал Түркі әлемінің өркениеті қазақ жерінен бастау алады. Осы ортақ құндылықтардың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы. Негізгі мақсаты сенім мен бауырластыққа негізделген бірлікті нығайтып, өскелең ұрпаққа аманаттау, деген Мемлекет басшысы жаңа бренд қалыптастыру керектігіне тоқталды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету — ортақ мұрат. Біз „Түркі әлемі“ атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі Саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 мәселеге басымдық берді. Түркі халықтарының дәстүрін, ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді, тіліміз бен ділімізді дәріптеу маңызды екенін атады. Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтіру қажет деді. Ұсынылған эскиздерді бірге қарады. Сондай-ақ, ортақ тарихты зерттеуді ұсынды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мәнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар. Түркі халықтарына терминологияны жүйелеген жөн. Бұл әр елдің ішкі тауарларын ортақ нарыққа шығаруға бастама болады. Қазірдің өзінде ұйымға мүше елдер арасында сауда-саттық айналымы 22 млрд доллардан асқан. Егер талаптар бекітілсе бұл көрсеткіш 1 жарым есеге артады. Жасанды интелект, цифрлық және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударған жөн. Сондай-ақ ұйымға мүше елдер арасында сауда-саттықты нығайтудың маңызы зор. Осы мақсатта экономикаға қаржы құюға баса мән берген жөн. Бұл істе Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тұрақты экономикалық байланыстарды нығайту үшін жасыл қаржы нарығын дамыту қажет. Қазақстан «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынғанын білесіздер. Осы ұсынысты жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Мемлекет басшысы Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Жылдар бойы шешімін таппаған күрмеулі мәселені зорлық зомбылық көрсетіп, лаңкестік әрекеттер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе балалар мен қарттар қақтығыстың құрбанына айналуда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Осыған байланысты Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдадым. Энергия қорын үнемдеу – барлық мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Еліміз жаңа қуат көздерін дамытуға, оны тасымалдау жолын әртараптандыруға баса мән береді. Мемлекет басшысы түркі елдерін «жасыл энергетика» саласында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан климаттың өзгеруіне және тұрақты даму қағидаттарына аса мән береді. 2026 жылы Қазақстанның бастамасымен климат мәселесіне байланысты аймақтық саммит өткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы білім мен ғылым саласында ынтымақтастықты нығайту аса маңызды екенін айтты. Осы мақсатта Түркі елдерінде әлемнің озық университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынды. Ал Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ортақ әліпби мәселесін көтерді. Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Әрине, біздің бірлігіміз үшін тіл мен ортақ әліпби өте маңызды. Бұл жерде президенттердің қолдауы да өте маңызды. Осы бағытта біздің Жоғары білім кеңесі арнайы ұсыныстарын ұйым хатшылығына айтты. Ол ұсыныстар жоғары бағаланады деп үміттенеміз. Өзбекстан президенті Шавкат Мерзиеев Ташкентте Түркі даму банкін ашуды ұсынды. Сол арқылы, түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайтып, жаһандық қиындықтарды еңсере аламыз. Сонымен қатар, өзбек басшысы Орта Азия арқылы өтетін көлік транзитін дамыту керектігін айтты. Шавкат МИРЗИЕЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз Қытай, Оңтүстік Азия, Еуропа арқылы өтетін дәліздерді дамытуды, көлік-логистика байланыстарын цифрландыруды қолдаймыз. Біз осы кезекте теміржол басқармаларының кеңесін құруды ұсынамын. Аталған құрылымның директоратын Өзбекстанда құруды ұсынамын. 10-шы саммит аясында 12 құжатқа қол қойылды. Барлығы да достық ынтымақтастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге үлес қосады. Келесі жиын 2024 жылы Қырғызстанда өтеді.

Өскеменде ер адам көшенің ортасында құлап, қайтыс болды
Өскеменде ер адам көшенің ортасында құлап, қайтыс болды
  • baq.kz
  АҚШ-та алғаш рет ағылшын тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітілді
АҚШ-та алғаш рет ағылшын тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітілді
  • aikyn
Бес жыл ішінде өз баспанамызға  қаражат жинауға мүмкіндік алдық
Бес жыл ішінде өз баспанамызға қаражат жинауға мүмкіндік алдық
  • aqshamnews
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
  • sport12.kz
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
  • aqshamnews
Ең нашар газет – өте сыпайы газет
Ең нашар газет – өте сыпайы газет
  • aqshamnews
Оразаның ғибраты
Оразаның ғибраты
  • aqshamnews
Несие алуға «қоңырау арқылы» тыйым салуға болады
Несие алуға «қоңырау арқылы» тыйым салуға болады
  • aqshamnews
«Отанына оралуға ниеті жоқ»: Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар
«Отанына оралуға ниеті жоқ»: Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар
  • sn.kz
Атырауда ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
Атырауда ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
  • baq.kz
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды
  • el.kz
  Бір үйір жылқыға кезіккен ерлі-зайыпты апатқа ұшырап, көз жұмды
Бір үйір жылқыға кезіккен ерлі-зайыпты апатқа ұшырап, көз жұмды
  • aikyn
«Странджа» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды
«Странджа» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды
  • el.kz
Астанада жол қозғалысына қауіп төндірген 21 жастағы жүргізуші ұсталды
Астанада жол қозғалысына қауіп төндірген 21 жастағы жүргізуші ұсталды
  • azattyq-ruhy
Макрон Украинаға жүздеген миллиард еуро көмек жіберуге уәде берді
Макрон Украинаға жүздеген миллиард еуро көмек жіберуге уәде берді
  • baq.kz
Әлеуметтік жәрдемақымен күн көрген Джоан Роулинг қалай миллиардер болды?
Әлеуметтік жәрдемақымен күн көрген Джоан Роулинг қалай миллиардер болды?
  • aqshamnews
«Анам қазақтардың арқасында 107 жасқа дейін өмір сүрді»: Шешен азаматы қазақ халқына алғыс айтты (ВИДЕО)
«Анам қазақтардың арқасында 107 жасқа дейін өмір сүрді»: Шешен азаматы қазақ халқына алғыс айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Қазақстандық спортшы Париждегі әлем кубогында топ жарды
Қазақстандық спортшы Париждегі әлем кубогында топ жарды
  • penalty
  Алматы – Бішкек тас жолында жап-жаңа көліктер жанып жатыр
Алматы – Бішкек тас жолында жап-жаңа көліктер жанып жатыр
  • aikyn
Блогерлер тегін тамақ ішкені үшін де салық төлеуі тиіс
Блогерлер тегін тамақ ішкені үшін де салық төлеуі тиіс
  • baq.kz
Виктор Друзин Париждегі Әлем Кубогында топ жарды
Виктор Друзин Париждегі Әлем Кубогында топ жарды
  • el.kz
Виктор Друзин Париждегі Әлем Кубогында топ жарды
Виктор Друзин Париждегі Әлем Кубогында топ жарды
  • sport12.kz
Қазақстан ашық тергеуді қолдайды – Абаев Ақтаудағы ұшақ апаты туралы
Қазақстан ашық тергеуді қолдайды – Абаев Ақтаудағы ұшақ апаты туралы
  • azattyq-ruhy
  Марш, дефиле мен Жеңіс әуендері: Алғыс айту күні әскерилер бар өнерін паш етті
Марш, дефиле мен Жеңіс әуендері: Алғыс айту күні әскерилер бар өнерін паш етті
  • aikyn
Специальным гостем Metaratings Top Awards в Алматы станет легенда футбола Кафу
Специальным гостем Metaratings Top Awards в Алматы станет легенда футбола Кафу
  • Smi24
UFC жұлдыздары Қазақстанға келе ме?
UFC жұлдыздары Қазақстанға келе ме?
  • sport12.kz
Странджа турнирі:  Сабыржан Аққалықов чемпион атанды 
Странджа турнирі: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды 
  • sport12.kz
Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті
  • almaty_tv
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін алған гонорары белгілі болды
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін алған гонорары белгілі болды
  • penalty
"Странджа кубогы-2025: Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан арасында алты финал өтеді
"Странджа кубогы-2025: Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан арасында алты финал өтеді
  • penalty
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
  • penalty
Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюті қашан өтетіні белгілі болды
Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюті қашан өтетіні белгілі болды
  • penalty
Неге Қазақстанда Финляндия мен Францияға қарағанда жұмыссыздар аз? Еңбек министрлігі жауабы
Неге Қазақстанда Финляндия мен Францияға қарағанда жұмыссыздар аз? Еңбек министрлігі жауабы
  • TengriNews
ҰҚК қазақстандықты ұстады
ҰҚК қазақстандықты ұстады
  • TengriNews
Темекі тастап, түкірген 300-ден астам қостанайлық жауапқа тартылды
Темекі тастап, түкірген 300-ден астам қостанайлық жауапқа тартылды
  • qaz365.kz
Жол ережесін мүлде бұзбайтын таксист: Атыраулық 74 жастағы әже көпке үлгі болды
Жол ережесін мүлде бұзбайтын таксист: Атыраулық 74 жастағы әже көпке үлгі болды
  • qaz365.kz
Ұшақ бортына кондитерлік өнімдерді алып кіруге бола ма?
Ұшақ бортына кондитерлік өнімдерді алып кіруге бола ма?
  • TengriNews
Ғалымдар 2024 YR4 астероидының құлау траекториясын нақтылады
Ғалымдар 2024 YR4 астероидының құлау траекториясын нақтылады
  • TengriNews
Әлемде: Трамп АҚШ-қа көшуге арналған "алтын карталарды" енгізбек, DeepSeek жаңа ЖИ моделін шығарады
Әлемде: Трамп АҚШ-қа көшуге арналған "алтын карталарды" енгізбек, DeepSeek жаңа ЖИ моделін шығарады
  • baq.kz
ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді
ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді
  • baq.kz
«Өмірде бәрі болады, бір жылап алдым»: Айнұр Тұрсынбаева отбасындағы келеңсіз жағдаймен бөлісті
«Өмірде бәрі болады, бір жылап алдым»: Айнұр Тұрсынбаева отбасындағы келеңсіз жағдаймен бөлісті
  • sn.kz
«Келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той
«Келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той
  • sn.kz
Атырауда Алғыс айту күні аталып өтті
Атырауда Алғыс айту күні аталып өтті
  • el.kz
«GULDER» ансамблінің гала-концерті өтті
«GULDER» ансамблінің гала-концерті өтті
  • el.kz
Елімізде бүгінге дейін 14 сәби пойызда дүниеге келген
Елімізде бүгінге дейін 14 сәби пойызда дүниеге келген
  • almaty_tv
Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды
Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды
  • turkystan
Алматы – Бішкек тас жолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді
Алматы – Бішкек тас жолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді
  • turkystan
Талғарда 19 жастағы қыз жоғалып кетті
Талғарда 19 жастағы қыз жоғалып кетті
  • almaty_tv