Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасындағы сауда-саттық айналымы 22 млрд доллардан асты

Түбі бір түркі мемлекеттері арасындағы байланыс соңғы жылдары едәуір арты. Бұрындары мәдени қарым-қатынас көп айтылатын. Қазір экономикаға да ден қойыла бастады. Бас қосу алаңы алғашында кеңес болса, бүгінде ұйым болып ұйысты. Қазақ жерінде бас қосқан мемлекет басшылары ортақ әліпби мен банк қажеттігін де жеткізді. Болашаққа жасалып жатқан қадамдары тілшіміз жіпке тізді. Қараша айында Қазақстанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен бауырлас елдердің ықпалдастығын тереңдетуді қозғады. Ол үшін ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді, тіліміз бен ділімізді дәріптеу маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мәнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар. Қазірдің өзінде ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттық айналымы 22 млрд доллардан асқан. Бұл байланыстың арнасы кеңейіп, ынтымақтастықтың ырысы артқанын білдіреді. Енді олар жасанды интелект, цифрлық және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға мүдделі. Сарапшылар түркі мемлекеттері экономиканы интеграциялау арқылы дамуын үдеткені жөн деп санайды. Қолдағы барын өзара бөлісіп, бір-бірін толықтырып отыруы қажет. Жангелді ШЫМШЫҚОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Біз Ресеймен ешқандай интеграцияға бара алмаймыз. Олардың экономикасымен тек бәсекелес қатынастамыз. Ал, егерде біз Түркиямен, Өзбекстанмен, Түркімен олармен интеграцияланатын болсақ, бір-бірімізді толықтыратын бір экономикалық одақтастық құруымыз керек түбінде. Әлемдегі алмағайып ахуал бауырластық қажет екенін ұқтырды. Табиғи апаттар туыстас елдердің жанашырлығын байқатты. Әрине, ондай кезде ағайын жәрдемін аянып қалып жатқан жоқ. Осыған байланысты түркі мемлекеттер арасында әскери одақ та құрылу қажет дейтіндер бар. Амангелді ҚҰРМЕТ, САРАПШЫ: Түркі халықтарының ынтымағы, бірлігі деген кезде, әскери одақ құрыла ма деген сияқты сауалды жиі қояды. Менің жеке пайымдауым бойынша ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ оның алғышарттары болатын кейбір уәждері бар. Айталық төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылды үйлестірге қатысты құжаттар қабылданып жатыр. Егерде төтенше жағдайлар құрылымдарының жартылай әскериленген мекемелер екенін ескеретін болсақ, бұл алдағы жылдары, бәлкім 2023 жылдардан кейін әскери ынтымақтастыққа да апаруы ықтимал. Қазір Түркі мемлекеттері ұйымы құрамында 5 мемлекет бар. Тағы 3 мемлекет бақылаушылар қатарында. Х самитте мемлекет басшылары алдағы жоспарды айқындап, түркі әлемінің келешегі - 2040 атты құжат бекітті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді