Түркия мен Сириядағы алапат зілзаладан кейін су арқылы тарайтын аурулар көбеюі мүмкін, - ДДСҰ

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады. Түркия мен Сирияда алапат зілзаладан кейін су арқылы тарайтын аурулар көбеюі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қағуда. Оны ұйымның Түркиядағы өкілі де растап отыр. Себебі, зардап шеккен аудандарда су жетіспейді. Кәріз жүйелеріне зақым жеткен. Бұл жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін. Жаппай инфекция тараған жағдайда, індеттен Қазақстан қалай қорғанбақ? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатып айтады.Үйсіз-күйсіз қалғандар қалалық стадиондарда құрылған шатырларды паналауға мәжбүр. Зардап шеккен аудандарда су жетіспсеушілігі жұқпалы аурулардың өршу қаупін күшейтіп отыр. Оның үстіне кәріз жүйелері зақымданған. Қазір Кахраманмараштағы бүкіл лагерьде тек алты дәретхана істеп тұр. Бұл жағдайды қиындата түседі,- дейді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Түркиядағы өкілі. Зардап шеккен Искендерун қаласында фармацевт Жан Өзсайгили де инфекция өршуі мүмкін деп отыр. Жан ӨЗСАЙГИЛИ, ИСКЕНДЕРУН ҚАЛАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТІ: Біз тырысқақ пен іш сүзегінің эпидемиясын күтеміз. Бұған жол бермеу үшін барлық қоқысты шұғыл түрде тазалау керек, бірақ қазіргі уақытта бұл мүмкін емес. Біз аурудың алдын алуға барынша тырысамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде тырысқақтың таралу қаупі «өте жоғары» деп отыр. Себебі ауру 2021 жылы соңғы 10 жылдан астам уақыт ішінде рекордтық көрсеткішке жеткен. Жоғары көрсеткіш биыл да жалғасуы мүмкін дейді. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ: Қазіргі жағдайды, соның ішінде ішек ауруларының көбеюі және олардың географиялық кеңеюін, вакциналар мен басқа ресурстардың жетіспеушілігін ескере отырып, ДДҰ тәуекелді жаһандық деңгейде өте жоғары деп бағалайды.Тырысқақ ауруы Қазақстанда соңғы 10 жылда тіркелмеген және сырттан келу фактісі де болмаған. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, індет тарайтындай болса, күдікті деген орындардан сынама алынып тексеріледі. Жанат ЖАМАЛБЕКОВА, ҚР ДСМ СЭБК АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БИОҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Егер қандайда бір жағдай тіркеліп жатқан болса, бізге міндетті түрде хабар келеді. Сол хабар келгеннен бастап біз қай елді қолайсыз деп танылады, сол елден келетін адамдарды мемлекеттік шекарадан өтетін санитарлық карантиндік пунктерде, одан кейін әуе жолдары, темір жол жолдары немесе теңіз жолдарынан келетін кезде солар тексеруден өтілетін болады. Соңғы екі жүз жыл ішінде тырысқақ ауруының 7 түрі тіркелген. Ғалымдар қазірдің өзінде 7 толқыны әлі де жалғасуда деп есептейді. Айта кетейік, тырысқақ ауруы ауа арқылы жұқпайды. Ол адамнан адамға немесе су, тамақ арқылы тарайды. Айтпақшы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемияcының аяқталу уақытын болжады. Тедрос Гебрейсустың айтуынша, пандемия биыл аяқталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін Бауыржан Момышұлының туған күні
Кибералаяқтыққа қатысы бар 2,1 мың sim-карта тәркіленді
Қазақстанда колледждер лигаларға бөлінуі мүмкін
«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау қайта басталды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды