Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты. Түркияда 80 мыңнан астам адам ауруханада жатыр. 147 мыңдай адам апат аймағынан қауіпсіз жерге көшірілген. Ақпанның 6-да болған жер сілкінісі ғасырдың алтыншы ірі апаты деп аталды. Дүмпу кезінде құлаған үйлердің көбінде құрылыс ережесі сақталмаған. Осыған қатысы бар деген күдікпен 12 адам ұсталды. Жалпы ресми мәліметтерге сай, елдің 10 провинциясындағы мыңдаған ғимараттың жермен-жексен болуына 131 адам жауапты екені анықталған. Оларды қамауға алуға ордер берілді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы