Түрік компаниялары алғаш рет Ресейге тауық жұмыртқасын экспорттай бастады. Түркияның жұмыртқа өндірушілер одағы басқарма кеңесінің басшысы Ибрахим Афион өнімді жеткізуде қиындықтар болмайтынына сендірді. «Біздің үш фирма алғашқы жеткізілімдерді бастады. Ресей Федерациясына тауық жұмыртқасын жеткізуге 21 түрік компаниясы рұқсат алды. Экспортқа байланысты проблемалар болмайды, біз Ресей тарабының барлық қажеттілігін жабуға дайынбыз», - деді кәсіпкер. Ресейде жұмыртқа бағасының өсуіне байланысты Ресей ауыл шаруашылығын бақылау комитеті түркиялық 21 кәсіпорынға жұмыртқа жеткізуге рұқсат берді. РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, алғашқы жұмыртқалар жақын күндері жеткізіледі. «Түркия күн сайын шамамен 70 миллион тауық жұмыртқасын өндіреді. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемде тоғызыншы орында. Елде тауық жұмыртқасын өндірумен айналысатын 470-ке жуық кәсіпорын бар, олардың 110-ы экспортқа шығарумен айналысады», - деді бейінді одақ басшысы.