Түркияда 222 сағат бойы үйінді астында жатқан әйел адам құтқарылды

Түркияда жер сілкінісінің оныншы күнінде, яғни 222 сағат өткен соң үйінді астынан 42 жастағы Мелике Имамоглу құтқарылды. Бұл туралы Anadoly агенттігі хабарлады.  Әйел Кахраманмараш провинциясыныі Оникишубат ауданында құлаған үй қирандыларының астында 222 сағат жатып қалған. Қираған үй орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын Бурса провинциясының жасақтары жүргізіп жатыр. Үйінді астынан шығарылған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызылды.Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл) болды. Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 35,4 мыңнан асты. Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияның бірқатар провинциясында жер сілкінісінен 3,6 мыңнан астам адам қаза тапқан.Айта кетерлһрлігі, бүгін Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетіні белгілі болды. Қазақстан Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елордада электромобильдерді пайдалану бойынша мамандар даярланады
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тұрғын үйдің қабырғасын бүлдірген елорда тұрғыны жазаланды
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды