Түркияда аман табылған 213 баланың жеке басы анықталмаған

Түркияда зілзала болған аумақтағы балалар наурыздан бастап қайта оқиды.Қазір оған қатысты ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, 1 700 үйдің құрылысы басталды. Бұл туралы Түркия елшісі Уфук Экиджи айтты. Елші қиын кезде көмек қолын созғаны үшін қазақ халқына алғыс білдірді. Толығырақ тілшіміз Сүндет Оралбеков айтсын. Қазақстаннан Анадолыға 250 тонна гуманитарлық көмек берілді. Оның ішінде шатырлар, көрпе-төсек пен жеке гигиеналық заттар бар. Уфук ЕКИДЖИ, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Заттай көмектен бөлек, Қазақстан тұрғындары ақшалай көмек көрсетті. Осы уақытқа дейін жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы ашылған ресми шотқа шамамен 5 млн доллар ақша түсті. Уфук Экиджи қазір елде 1858 бала патронаттық бақылауда екенін, оның 200-інің әлі жеке басы анықталмағанын айтты. Уфук ЕКИДЖИ, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Жер сілкінісі кезінде жетім қалған балалар қазір мемлекеттің бақылауында. Бұл балалардың жеке басын анықтау және құжаттарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Олар Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады. Балаларға стрессті жеңуге көмектесу үшін еріктілер күн сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Олардың көпшілігі ата-анасынан, бауырларынан айырылған. Никита СУРЕТШІ-ЕРІКТІ: Біздің жұмысымыздың ең жақсы бөлігі-бұл балаларға психологиялық жарасын жеңуге көмектесу. Сондықтан біз осындамыз. Біз олармен бірге шатырларда тұрамыз. Олардың бақытты жүзін көрсек, біздің де көңіліміз жай табады. Сахабеттин ЧЕТИН, ПСИХИАТР-ЕРІКТІ: Олар ауыр жарақат алған. Осындай ауыр жағдайда, жақындарынан айырылғаннан кейін, оларға көмектесудің бірінші жолы - олармен тіл табысу. Басқа адамның да олардың қиындығын сезіне алатынын көрсету. Бұл -емдеудің алғашқы қадамы. Түркияда қазір ғимараттарға келтірілген залалды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 1 млн 188 мыңға жуық ғимарат зерттелді. Оның ішінде 156 мың ғимарат қираған немесе құлау қауіпінің алдында тұр», - деп деді елші. Ал халық шатырлар мен контейнерлерде тұрып жатыр. Апат аймағына 301 289 шатыр мен 6 375 контейнер қойылған. Қалада тұрғын үйлер құрылысы басталды. Ал Қазақстаннан тағы 100 киіз үй жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Ақтау маңында ұшақ құлады
Ұшақтан қаза тапқан 4 адамның мәйіті тіркелді
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады