Біреулер үйіндіні сұрыптап, адам өмірін сақтап қалса, енді біреулер қайғылы жағдайды жеке мүддесі үшін пайдаланады. Жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияны тонау толқыны шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz. Адамдар аман қалуға тырысып, түрлі қылмыстар жасап жатыр. Алайда жергілікті тұрғындар оларды өздері қолға түсіріп, өз бетінше жазалауға кіріскен.Әлеуметтік желіде тонаушылардың соққыға жығылған видеосы жарияланды. Қайғылы оқиғаның ауқымдылығына байланысты құқық қорғау органдары оқиға орнына дер кезінде жете бермейді. Бейнежазбалардың бірінің астындағы түсініктемеде қылмыскерлер марқұмдардың денелерінен зергерлік бұйымдарды шешіп алып жатқандары айтылады. Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен соңғы мәліметтер бойынша 17 674 адам қаза тауып, 72 879 адам жарақат алған.