Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында 10:05-те 4,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.Табиғат апаттары және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) дерегінше, ошағы Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында орналасқан күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзала 22,17 шақырым тереңде болған.