Түркияда жер сілкінісінен кейін бір ай өтті: Жаңа ғимараттар салынады

Түркияның оңтүстік-шығысындағы алапат жер сілкінісінен кейін тура бір ай өтті. Апат аймағында қазір қирандыларды тазалау жұмыстары күні-түні жүріп жатыр-,деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Сондай-ақ 11 облыста жаңа үйлер салынуы тиіс жер телімдері нақтылануда. Қахраманмараш, Малатия, Газиантеп қалаларында жаңа ғимараттарды салатын орындар белгіленді. Бұл туралы арнайы жиында Түркияның Қала салу және қоршаған ортаны қорғау министрі хабарлады. Осы айдың аяғына дейін үйлердің алғашқы қазығы қағыла бастайды. Бір жыл ішінде бас аяғы 88 мыңнан аса пәтер мен 18 мыңнан аса жер үй салынбақ. Жаңа ғимараттар бұрынғыдай таудың етегі мен сайларда емес, тастақты жерлер мен төбелердің басына салынады, деді министр.Мұрат Курум, Түркияның қала салу және қоршаған ортаны қорғау министрі: Жаңа үйлерді салғанда қаланың сәулеті мен тарихын ескере отырып, алдағы елу жылда адамдардың тұруына ыңғайлы болуын да қарастырамыз. Қазір 11 облыста 7 мыңнан аса маманымыз жаңа ғимараттарды салу жұмыстарына қатысты зерттеулер жасап жатыр. Алдағы екі ай ішінде 309 мың нысанның құрылысын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл ел тарихындағы ең ірі құрылыс жұмыстары болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболшыларының трансферлік құны арзандады
«Жаңа басшылықтың өз жоспары»: Черчесов ұлттық құрамадан кету туралы қауесеттерге жауап берді
Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы отбасын құрды
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін