Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Елдің ТЖД ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 20:11-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген. Жер сілкінісінің салдары туралы әлі деректер тіркелген жоқ.