Түркияда тағы жер сілкінісі болды, 300-ге жуық адам жарақат алған

Түркияның Хатай провинциясында кеше болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл жайында елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті. «Бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр», - деп жазды министр Twitter парақшасында. Оның айтуынша, Хатай университетінің медицина факультетінде және Искендерун мен Рейханлы мемлекеттік ауруханаларында жатқан жалпы саны 95 пациент екі жаңа жер сілкінісінен кейін сақтық шарасы ретінде Адана мен Дертиол ауруханаларына ауыстырылған. «Біздің далалық ауруханалар Хатайда кезекшілік етеді», - дейді ол. Осыған дейін Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында дүйсенбі күні 6,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелген еді. Кешірек қуаты 5,8 магнитудаға жететін тағы бір жер сілкінісі болды. Жаңадан болған жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тапқан. Түркияның Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында жер сілкінісі екі рет қайталанған соң Антакия мен Искендерун қалаларының арасындағы жол бұзылды. Бүлінген ғимараттар да бар екені айтылып жатыр. Жалпы, осы ақпанда Түркияның 10 өңірінде болған жер сілкінісінен 41 мыңнан аса адам көз жұмды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды