Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярова елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты. "Ауруханада жатқанда консулымыз онымен үнемі байланыста болды. Туыстары қасында болды. Ол Қазақстанға оралды. Бірақ мазаламауды өтінді. Ешқандай пікір беруді қаламайды", - деді Айбек Смадияров.