Түркияда XX қысқы Сурдлимпиада ойындары басталды

Түркияның Эрзурум қаласында XX қысқы Сурдлимпиада ойындары басталды. Дүбірлі додаға 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысады.Жарыста тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлинг спорт түрлерінен 34 комплект медаль ойнатылады.Қазақстанан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады. «Биыл Қазақстан Республикасы қысқы Сурдлимпиада ойындарына осымен үшінші мәрте қатысқалы отыр. Спортшыларымыз жарыстың алдында Щучинск және Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, қысқы ойындарға тыңғылықты дайындықпен келді. Ұлттық құрама үшін алғашқы сайыс ертен блиц шахматтан және шаңғы жарысынан басталады. Спортшыларымыз аталмыш додада лайықты өнер көрсетіп, ел қоржынын Сурдлимпиада ойындарының медалімен толықтырады деп сенемін», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының орынбасары Өмірзақов Әділхан Болатханұлы.Сурдлимпиада ойындарының ашылу рәсімінде еліміздің туын шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сұлтан Қожахметов ұстап шықты. «Бұл менің алғашқы Сурдлимпиада ойындарым. Осындай үлкен жарыста еліміздің туын ұстап шығу мен үшін мәртебе. Сенім артқан Спорт комитетіне, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына, Ұлттық Сурдлимпиада комитетіне және барлық қазақстандықтарға алғысымды сөзбен емес, іспен дәлелдеуге тырысамын», - деді Сұлтан Қожахметов.Айта кетейік, Сурдлимпиада ойындарына есту қабілеті зақымданған спортшылар қатысады. Жарыс алдында спортшылар аудиограммадан өтіп, қойылған талаптарға сай келетінін дәлелдеу қажет. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды