Түркияда заңсыз ұсталған 3 жасар қыз Қазақстанға аман-есен қайтарылды

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Қазақстанның 3 жасар азаматы Түркиядан туған анасына қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.Комитеттің дерегіне сүйенсек, баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстаған. “Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті орган осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сонымен қатар көптеген кездесу мен келіссөз жүргізілді. Бұл барлық қатысушы тараптардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды”, – деді комитет. Комитет өкілінің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматы саналатын әрбір бала қорғаусыз қалмайды.“Біз балалардың туған елінде қауіпсіз, әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсіп-өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз. Барша қатысушы тараптарға осы маңызды істегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз”, – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
50 миллион теңге: 7 баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық ережелердің жаңа нұсқасын жариялады
Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші рет жеңді
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек беретін 65 орталық бар
Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді
Пияздың пайдасы мен зияны
“Алып ақ теңіз сегізаяғы“ ұсталғаны рас па?
Жамбыл облысының тұрғыны еңбек кітапшасындағы қате үшін зейнетке шыға алмады