Түркиядағы жойқын зілзаланың салдарынан зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес. Елімізден барған құтқарушылар тобында төрт аяқты көмекшілер де бар. Иісшіл итердің іздестіру жұмыстарына қалай дайындалатынын әріптесім Әйкерім Пернебек айтады.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Ит адамның досы ғана емес, нағыз қаһарман құтқарушы да болады. Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерді іздестіру-құтқару жұмыстарына кинологтардың иттері де үлес қосуда. Бұл құтқарушы иттерді қалай жаттықтырады? Көрейік.Иттер иіс сезу қабілетімен ерекшеленеді. Жылдамдыққа, ақылдылыққа арнайы жаттығу арқылы дайындалады. Үйретілген төрт аяқтылар талай жанды ажал аузынан алып қалды. Әділет ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, РЖҚЖ БАС ҚҰТҚАРУШЫ, КИНОЛОГ: Иттердің ең бірінші осындай зілзала кезінде құтқарушылар кіре алмайтын жерге иттер кіреді. Ит кіріп, кинологқа дауыспен хабарлама береді, кинолог айтады адам бар адам жоқ. Енді кинолог пен иттің ортасындағы бір-бірін түсіну ғой. Адам табылған жағдайда ит дауыспен өзінің кинологына дауыс береді. Сол дауыс арқылы білеміз адам бар, адам жоқ зілзаланың астында. Әрбір ит құтқарушы бола алмайды. Мамандардың айтуынша иттерді баптап, оқытып-үйрету үлкен еңбек пен төзімділікті қажет етеді. Құтқарушы болуға жарайтын иттердің тұқымдары да бар екен. Мысалға лабрадорлар техногендік қираған ғимараттарда, үйінділердің арасында жақсы жүмыс істейді. Ал неміс төбеттері, маленуалар орманды-таулы аймақта, өздерінің шапшаңдықтарының арқасында тез іздеуге қабілетті. Тимур ҒАБДЫШЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің жасақтан Түркия мемлектіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарына көмек ретінде 33 құтқарушы аттанды. Оның ішінде 3 кинолог маман бар. Олардың арасында 6 құтқарушы халықаралық санатқа ие, зілзала кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарында тәжірбиелері бар. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.Қазір еліміздің маңдайалды кинологтары мен олардың қаһарман иттері Түрік мемлекетіндегі құтқару жұмыстарында жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Джейкоб, Сириус, Аксель, Чарли Кинг лабрадоры, Мирта неміс төбеті, Гринпис атты құтқарушы иттердің тәжірибелері мол. Кинолог мамандар Кинг Чарли лабрадорының көрсеткішін ерекше атап өтіп, жұмысын жоғары бағалайды. Әділет ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, РЖҚЖ БАС ҚҰТҚАРУШЫ, КИНОЛОГ: Қар көшкіні болды деп шақырылды екі азамат қар көшкінінің астында қалды деп. Біздің жасақтың құтқарушылары барғанша біреуін тапқан екіншісін біздің Кинг Чарли итіміз аз деген уақытта қар көшкінінің астында қай жерде жатқаны туралы ақпарат беріп жылдам арада қар көшкінінің астында қалған туристі шығарды. Құтқарушы иттермен жұмыс жасаудың ең басты артықшылығы - адам іздеу уақыты қысқарады. Олар үйіндінің астында 6-7 метрге дейін адамның дауысын, дем алуы мен иісті сезе алады. Ә. Пернебек