Түркияда зілзала кезінде үйлердің жаппай құлауына байланысты 184 күдікті тұтқындалды. Елдің ішкі істер министрі Бекир Боздағтың мәлімдеуінше, тағы 600-ден астам адам тергелген. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, дүмпу кезінде ғимараттардың мұнша көп күйреуіне коррупциялық құрылыс тәжірибесі де кінәлі. Соңғы мәліметке қарағанда, Түркия мен Сирияда ақпанның 6-да болған жойқын зілзаладан 50 мыңнан астам адам қаза тауып, 520 мың пәтер орналасқан 160 мыңдай үй қираған.