Түркияда зілзала құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті. Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтты. 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға құрбан болғандарға байланысты көңіл айтты. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек көрсету үшін бір миллион доллар бөлді. Арнайы екі рейспен 101 адамнан тұратын дәрігерлер мен құтқарушылар тобы жеткізілді. Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды алып шықты. Сондай-ақ, Қазақстан апат аймағына 160 тоннадан астам гуманитарлық көмек, 28 генератор жіберді. Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақстандықтар 3 миллион 600 мың АҚШ долларынан астам қаржы жинады. Сондай-ақ, қазақстандықтар киіз үй сатып алуға 20 миллион теңгеден астам қаржы жинаған. 17 млн 300 мың теңгеге 45 киіз үй сатып алынды. Қазақстандық кәсіпкерлер де қол ұшын созып, 50-ге жуық киіз үй сатып алды. Нәтижесінде Түркияға 100-ге жуық киіз үй жіберілді. Қазақстандық құтқарушылардың алғашқы эшелоны Түркиядан бүгін, 18 ақпанда оралады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шығыс Қазақстанда жолда қар көшкіні жүруі мүмкін
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ақмола облысында жануарлардың аусыл ауруы жасырылған
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Талғардағы қайғылы оқиға: "боттар шабуылы" жалған болып шықты