Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтады

Кахраманмарашта басталған жойқын жер сілкінісінен 47 975 адам қаза тапты. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.Ю. Сезердің айтуынша, қазіргі уақытта Түркия азаматтары, сондай-ақ көршілес елдердің, әсіресе Сирияда жер сілкінісі құрбандарының жалпы саны 47 975 адам болды. Оның 6 278-і – шетелдік, негізінен Сирия азаматтары. AFAD басшысы апат аймақтарында 3 мыңнан астам құтқарушы қалып, жұмысты жалғастырып жатқанын айтты. «Аймақта жер асты дүмпулері әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан, біз құтқарушылар жасақтарын дайын ұстаймыз. Басқа елдерден тағы 300-ге жуық құтқарушы да сол жерде қалады», - деді Ю. Сезер. 6 ақпанда Түркияда эпицентрі Кахраманмарашта болған, магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала тіркелді. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясы мен көршілес елдерде, оның ішінде Сирияда сезілген. Үйінділердің астынан іздеу жұмыстарына 88 елдің 11 мың құтқарушысы қатысты, олардың қатарында қазақстандықтар да болды. Түркияға зілзаладан келген шығын $100 млрд асуы мүмкін. Бұл туралы Түркиядағы БҰҰ Даму бағдарламаларының өкілі Луиза Винтон хабарлады. Мамандардың айтуынша, өңірде әлі жарты жыл бойы афтершоктар қайталанады. Түркиядағы жойқын зілзаланы болжаған нидерландылық зерттеуші Франк Хугербитс наурыздың басында жаңа апаттардың болуы мүмкін екенін ескертті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Сатпайды, тек сыйлыққа береді: сүйектен кәдесыйлар жасайтын шебер жұртты тәнті етті
Президент бюджет туралы заңға қол қойды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды