Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Хатай провинциясындағы өңірлік AFAD үйлестіру орталығында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.«Қазіргі уақытта зілзаладан 45 968 адам қаза тапқаны белгілі болды, олардың 4 267-і Сирия азаматы», деп мәлімдеді Түркия ІІМ басшысы. Сондай-ақ ол алғашқы жер сілкінісінен кейін 13 мыңнан аса қайта дүмпу тіркелгенін атап өтті. «Жалпы 26 300 ғимарат қирады. Олардың 26 032-нің қираған орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді», - деді ол.