Түркиядағы апат аймағынан 78 отандасымыз оралды - СІМ

Түркиядағы апат аймағынан 78 отандасымыз оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.«Түркияда қуатты жер сілкінісі орын алған сәттен бері Сыртқы істер министрлігіне шетелдегі мекеме арқылы 1,2 мыңнан астам отандасымыздан өтініш түсті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде апат аймағында қалған 190-нан астам отандасымыздың тұрғылықты жері анықталды. Инфрақұрылымның бүлінгенін, тұрғын үйлердің апатты жағдайын немесе толықтай қирағанын ескере отырып, дипломаттарымыздың жәрдемімен отандастарымызды Анкара мен Ыстанбұл қалаларына, қауіпсіз жерге орналастыру үшін автобустар ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен, тұрғылықты орынмен қамтамасыз етілді», - деді ол ведомствода өткен апталық брифинг барысында. Оның атап өтуінше, қаражаты қалмаған кейбір азаматтарымызға Қазақстанға дейін әуе билетін сатып алуға көмек көрсетілген. «Отанына оралуға ниет танытқан апат аймағындағы 78 азаматымыз гуманитарлық әуе кемелерімен Астана және Алматы қалаларына ұшып келді. Дәл осы борттармен Қазақстанға Қырғызстанның 24 азаматы және отанына оралған қазақстандықтардың отбасы мүшесі саналатын Түркияның 5 азаматы жеткізілді», - деді Айбек Смадияров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздің үздік спортшылары марапатталды
Черчесов кетпейтін болды
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті