Түркияда дауыл салдарынан әртүрлі провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Ыстамбұлда ағаштар құлады және метро су астында қалды, ал Чанкырыда қатты жел мешіттің мұнарасын ұшырып жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Travel"-ге сілтеме жасап.4-ші аймақтық метеорология басқармасынан алынған мәліметтерге сәйкес, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға және Кемер ауданындағы Сиглик маякында 118 шақырымға жетті.Измирде күшті құйын тіркелді.