Түркиядағы құтқарушылардың екінші легі Астанаға оралды

Түркияның Нурдагы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Астана әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды. ТЖ министрі Юрий Ильин мен Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи (Ufuk Ekici) да құтқарушылардың алдынан шығып, олардың әрқайсысына атқарған қиын жұмысы үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ олардың іс-әрекеттерін кәсіби, ержүрек және нәтижелі деп бағалады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын. Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Танымал спортшы қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Боксшы Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Тұман, жел: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды
Жаңа жыл қарсаңында тірі шыршаларды қорғау қолға алынбақ
«Мұз» акциясы: бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды