Түркияның Кахраманмараш қаласында үйінді астында қалған қарт адам 47 сағаттан кейін құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.Құтқару операциясына экскаватор машинисі болып жұмыс істейтін ұлы Осман Байдемир де қатысқан. Осман Байдемирдің ата-анасы тұратын сегіз қабатты ғимарат дүйсенбі күні 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінен қираған. Ер адам Бурса қаласының құтқарушылар бригадасына үйінділердің астынан дауыс естігенін айтты. Содан кейін Айдемир экскаватордың операторлық креслосына өзі отырып, әкесін басып қалған бетон блоктарын көтеруге көмектескен.