Түркиядан 18 отандасымыз елге оралды

Түркияның Газиантеп қаласынан арнайы рейспен 18 отандасымыз елге оралды.  Олардың ел билігіне айтар алғысы шексіз.  Оның 16-сы қазақстандық, тағы 2 адам -қырғыз азаматы. Қазақстандық кәсіпкер Асадулла Арыстанов Газиантепке жиырма екінші қаңтарда жұмыс бабымен барған. Кәсіпкер Иран мен Түркиядан тоқыма бұйымдарын, кілемдер әкеліп сатады. Төтенше жағдай кезінде қонақ үйде болған. «Ғимараттың бесінші қабатқа дейін жарылғанын көріп шошыдым»- дейді.Асадулла АРЫСТАНОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ: Жараланғандарды өз көзіммен көрмедім. Бірақ, адамдардың сол дүмпуден қорқып, жеңіл киіммен шығып кеткендерін өз көзіммен көрдім. Футболкамен, тіпті аяғына ештеңе кие алмаған. Мен мұндай жер сілкінісін бірінші рет көруім, өте қатты болды. Мемлекетімізге көп алғыс. Мен ертесіне консулдықтың сайтына кіріп, телефонға хабарласып едім, бірден жауабын беріп, әуежайға барыңдар деді.Дүмпу ошағынан келгендердің  тағы бірі - Айбөбек Нарбекқызы. Жергілікті кілем фабрикасында жұмыс істейтін отандасымыз Газиантепте 5 жылдан бері тұрады.  Жер сілкінген уақытта үйден қашып шығып, жұмыс орнына барған.  Айбөбек НАРБЕКҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ: Ғимараттар қирап жатыр. Сол ғимараттың астында қалып кеткен әріптесім бар. Бүгін кешке өлі денесі табылды. Үш сөзбен айтып жеткізе аламын. Біріншісі: түсінбеу, түсінбейсің не болып жатқанын. Екіншісі: қорқыныш, өзіңнің өміріңе, жолдасыңның өміріне, жақындарыңның өміріне. Үшіншісі: сол жағдайды қабылдайсың. Енді жер сілкінісі біткеннен кейін қайту керек. Жұмыс күтіп тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«700 бала 5000 теңге төледі»: Қарақат Әбілдина ақылы байқауларды сынады
Air Astana министрлік деңгейінде шешілмейтін мәселе - депутат Құспан
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түсетіні белгілі болды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады