Түркиядан тауар алдыртамын деп алданып қалған

Елімізде шетелден тауар жіберетін байерлік компанияларға алданып қалатындар көбейді. Заңгерлердің көмегіне жүгінетін қыз-келіншектер несиеге белшесінен батып, кейбірі шаңырағының шайқалғанын айтады. Алданып қалғандар не істеу керек? Аружан Серік жауап іздеді.Аружан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, саудагер-блогерлер қаптап кетті. Көп мөлшерде шетелдің тауарларын елге жібереді. Жарнамасы санаңды улап, сеніміңе әбден кіреді. Кәсіп бастайын деп тапсырыс бересің. Бірақ тағатсыздана күткен тауарыңды өз көзіңмен көргенде, күйіктен жылағың келеді. Мен де Түркиядан көтерме бағамен осындай сөмкелерге тапсырыс беріп едім. Нәтижесі, міне, осындай. Сатуға ұят. Ұстауға жарамсыз. Үйде шаң басып жатыр. Алданған жалғыз мен емес. Елорда тұрғыны Гүлмира Сәрсенбаева Түркиядан 220 мың теңгеге ішкі киім мен шұлықтарға тапсырыс берген. Гүлмира СӘРСЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен ол кісіге жаздым, осындай-осындай, сізде сет бар екен мен алайын деп едім. «Жақсы, ақшаңызды осындай жерге жібересіз, чекті осындай нөмірге жібересіз. Бәрін салдым». Тауар келмей жатыр, бір жұма өтті ма, сосын хабарластым. Уайымдамаңыз деді. Бәрі салынады. Ойдағыдай салынды. Тауардың весі, бәрі жіберді, доставкасын төледім. Алматыдан кеше бәрін күтіп алдық. Гүлмираның күткені көңілдегідей болмады. Тауарларда тесік көп. Тігістер қисық. Матаның сапасы да көңіл көншітпейді. Гүлмира СӘРСЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бәрін ашып қарасам, мына зат, енді сатуға жарамайды. Бұл жерде бұның тігілгеніне қарасақ, бұның аяққа кигенде сезімділігі бәрі дұрыс емес. Хабарласыңыз, бір шешімге келейік деп, мына соткада бәрі бар, жазып жібердім. Бәрі оқылған. Бірақ жауап жоқ. Бұл жерде жалғыз мен емес, талай адамдар ұрынып жатыр. Болмаған соң, әлгі саудагерге өзім шықтым. Мән-жайды білейін дедім. Ол олқылықтардың жиі орын алатынын жасырмады. Тауардың бағасы сапасына сай деп ақталды. САУДАГЕР: Енді бір аптада мыңдаған клиентке тауар жібереміз да. Моменттерде болады, иә, бракованный шығады. Біз оны әдейі салмаймыз. Кейбір фабрикадан бракованның кетіп жатады. Клиенттер болады, 1000 теңгенің іш киімін заказ беріп, 5000 теңгенің сапасын күтетін. Извини меня, ондай нәрсе жоқ. Сен алып тұрған бағаңа сапасы сай тауар алып тұрсың деген сияқты ғой. Егер де біздің тараптан қателік кетсе, оның барлығы жөнделіп, орындалады. Тауар сапасыз, қаржыдан қағылдыңыз. Тауарды сатқан адам да жауап бермейді. Осындай шарасыз күйге қалғандар не істеу керек? Жандос ТҰЯҚОВ, АДВОКАТ: Енді мұнда көп азаматтардың жіберетін қателігі - келісім шартдың болмауы. Заң бойынша келісім шарт ауызша да жүзеге асуы мүмкін. Бірақ 100 АЕК асатын болса, сотта дәлелдеу мүмкін емес. ҚР Азамат кодексінің 353-бабына сәйкес «Заңсыз баю» деген бап бар. Егер де қандай да бір азамат ешқандай келісім шартсыз біреудің ақшасына иелік етсе, ол ақшаны қайтаруға тиісті деп көрсетілген. Яғни, сондай жағдайда сотқа жүгінуге болады. Келісім шартта тауардың түсі, мөлшері, сапасы, жеткізілу мерзімі, бәрі таңба басқандай айқын көрсетіледі. Сотта қаралған жұмыс та жеңілдейді. Сондықтан, біреуге сенім артпас бұрын, алдын ала зерттеп, ойланып шешім қабылдаған жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды
Черчесов ағынан жарылды
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды