Түркиядағы Кахраманмараш қаласы зілзаладан қатты зардап шеккен. Қазақстаннан жеткізілген 100-ге жуық киіз үй сондағы саябақтардың біріне тігіліп жатыр. Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау айтты. Оның өзі де қазір сонда жүр. Қасында бір топ ерікті бар. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл үйлер рухани қалашық қызметін атқарады. Халықтың қорқынышын сейілтуге көмектеседі дейді.СНХ: Нұрбек БЕКБАУ, ЖУРНАЛИСТ Кеше біздер Кахраманмараш қаласына келіп жеттік. Өзіміз кеше түнде келе салып осындай киіз үйлерді тігіп тастадық. +Бүгін негізгі партия келе жатыр. 84 киіз үй, 60-қа жуық генератор және қазан-ошақ. Яғни, өмір сүріп кетуге жағдай жасап беріп, тігіп беріп халыққа ұсынамыз.