Түркияға көмек еліміздің әр өңірінде белсенді жүргізілуде

"Біз біргеміз!" Түркияға көмек еліміздің әр өңірінде белсенді жүргізілуде. Елордадағы елшілік пен ірі қалалардағы бас консулдықтарға азаматтар келіп, жан жақты қолдау білдіріп, қайғыға ортақтасып жатыр.Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Кешеден бері жүздеген қазақстандық елордадағы Түркия Республикасының елшілігіне гүл шоқтарын әкеліп, қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жұбату сөздерін жазуда. Астаналықтардан екі күннің ішінде 1 тоннаға жуық қажетті зат жиналды. 96 қорап түнде Түрік Әуе жолдары арқылы жіберілді. Ал Түрік-Қазақ іскер адамдар қауымдастығымен бірлесіп ашылған ресми қайырымдылық шотына 110 мың доллар аударылды. Махмұт БАЙРАМ, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Қазақ халқына зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Астанадағы елшілігіміз бен Алматы, Ақтау бас консулдығына көңіл айтып жатқандар саны көбейіп жатыр. Толассыз әкеліп жатқан гумманитарлық көмекті кешкі 7-ге дейін қабылдап, артынша жүктерді жөнелту жұмыстарымен айналысамыз. Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Бұл біздің бауырлас еліміз, сенаторлар кеңесінің мүшелері көңіл айтамыз, тілейміз тыныштық болсын деп, мына табиғат алапатынан сақтасын. Адамның күші келмей жатқан жағдайлар бұлардың барлығы да. Алдағы уақытта меніңше қандай көмек жасасақта ол біздің шын тілегімізбен, біздің шын ниетімізбен жасалып жатқан көмек. Ұлттық волонтерлер желісі де кешеден бері жылу жинауды бастады. Қазірдің өзінде тұрғындардан жарты тоннаға жуық зат әкелінді. Кәсіпкерлер де игі іске қосылып, 1 күнде 5 млн теңге аударған. Жиналған жылу Түркияға бірер күнде аттанады. Сұлтан ДАРХАН, «BIRGEMIZ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛАР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ КООРДИНАТОРЫ: Бірінші формат ол біз заттай қабылдап жатырмыз. Ол жерде қыстық киімдер, курткалар, аяқ киімдер, одеяло-пледтерді қабылдап жатырмыз. Одан кейінгі адамдардың жеке жуыну заттары. Екінші форматы ол бізде ақшалай. Ақтөбеде де гуманитарлық көмек жинауға арналған бекет жұмысын кеше бастады. Қажетті заттар Астанаға жеткізіліп, артынша ұшақпен Түрік еліне жөнелтілмек. Облыстан он бес ерікті жас аттанбақ. Нұрбек ЖАЛҒАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Волонтерлар, кәсіпкерлер қоғам белсенділері барлығы да осы жағдайды естігеннен бастап көмек беріп қол ұшын созуды бастады. Адам баласына керек жарақтармен қамтамасыз ету , оның ішінде хоз товарлар, түрлі қажетті заттар барлығы да қамтылады. Киім кешек барлығы осындай көмек көрсетіледі. Ал кәсіпкер әрі журналист Арман Шораев пен журналист Нұрбек Бекбау далада қалған бауырлас елге 100 киіз үй жіберуді ұсынып, қоғам тарапынан ерекше қолдауға ие болған. Осы уақытқа дейін жиналған 20 млн теңгеден астам ақша жеткілікті екені мәлім болды. Нұрбек БЕКБАУ, ЖУРНАЛИСТ: Үйлер қирап жатыр. Адамдар осындай қара суықта шиттей бала-шағасымен бойын жылытатын ғимарат іздеп әуре болып жатыр да, ғимаратқа кіретін болса құлайды. Сондай бір қорқыныш, осындай қорқыныш кезде бұл үй қирамайды, бұл үй сұламайды деген бір психология керек болып тұр. Қазақтың киіз үйін апарсақ, бұл тек қана қауіпсіз экологиялық үй ғана емес, атамекеннен бір көмек келді деген бір психологиялық салмағы бар көмек болады. Ел азаматтары игі істен қалыс қалмауға тырысуда. Жан жақты атсалысып, бауырлас елдегі қираған тағдырдың қалыпқа келуіне, үйінді астындағы үміттің сөнбеуіне сеп болмақшы. Қ. Мерей

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды