Әлем жаңалықтарынан бірер ақпар. Бүгін Түркияның алғашқы астронавты ғарышқа ұшты. АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан Анадолының әуе күштерінің пилоты 44 жастағы Алпер Гезеравжы үш еуропалық әріптесімен бірге жерден 400 шақырым биіктіктегі Халықаралық ғарыш станциясына бет алды. Экипаж ол жерге ертең таңертең жетуі керек. Оларды орбиталық бекетке әйгілі миллиардер Илон Масктың «Спэйс Икс» компаниясының «Крью Дрэгон» кемесі жеткізеді. Бұл экипаж станцияда 14 күн болып, 30 шақты ғылыми тәжірибе өткізуі керек.