Түркияның кейбір аудандарында құтқарушылар іздестіру жұмысын тоқтатуға мәжбүр

Сенбі күнгі кешкі мәлімет бойынша, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты. Тірі қалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ неміс және австриялық құтқарушылар тонау мен атыс салдарынан апат аумағында жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Астана телеарнасы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Құтқарушылардың өздеріне қауіп төнді Екі неміс ұйымы – Германияның халықаралық іздестіру және құтқару қызметі (ISAR) және Германияның техникалық көмек көрсету жөніндегі федералдық агенттігі (THW), одан кейін тағы бірнеше ұйым Түркияның оңтүстігінде құтқару жұмыстарын тоқтатты. «Әртүрлі топтар арасындағы қақтығыс туралы хабарлар көбейіп келеді, сонымен қатар оқ атқан дыбыстар да естіледі», - деп түсіндірді ISAR өкілі Штефан Хайне. ISAR және THW Түркияның Азаматтық қорғаныс қызметі Түркия төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) оларға қауіп сейілгенін хабарлаған жағдайда іздестіру жұмысына қайта кірісуге дайын екенін жеткізді. Бұған дейін Австрия әскерилері Түркиядағы құтқару жұмысын тоқтатқан болатын. Олардың өкілінің айтуынша, кейбір топтар арасындағы атыс-шабыс пен морадерлік құтқарушыларға үлкен қауіп тудырып отыр. Түрік билігі қақтығыстар немесе атыс туралы хабарлап жатқан жоқ, бірақ ел президенті Режеп Тайип Ердоған сенбі күні жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта тонау фактілері бар екенін мойындап, билік шара қолданатынына сендірді. Еске салайық, Түркиядағы алапат зілзала 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен басталған еді. Артынан 648 афтершок тіркелді. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Осы күндері зардап шеккен халықты құтқаруға Қазақстан мамандары даатсалысып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жылдың ең үздік комментаторлары мен спорт журналистері анықталды
Қандай тағамдар ерлердің жыныстық белсенділігін төмендетеді? – Дәрігер жауабы
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
WSJ: Трамп сайлауының демеушісі соғысқа ықпал етуі үшін Солтүстік ағын 2-ні сатып алмақ
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты