Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Түркияның Апат және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:34-те Ешилюрт аймағында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 17,3 шақырым тереңдікте болған.