Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап ТАСС мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жерасты дүмпуінің ошағы Жерорта теңізінде 10 шақырым тереңдікте орналасты және Хатай провинциясындағы теңіз жағалауы аумағынан 5 шақырымға жуық жерде болды. Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы мәлімет түспеген. Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін 4 мыңнан астам афтершок тіркелді. 16 ақпандағы дерекке сәйкес, табиғи апат салдарынан қаза болғандар саны 36,1 мыңнан асты, 108 мыңнан астамы зардап шекті. Тербелісті түрік елімен шекаралас орналасқан Сирия, Ливан, Ирак, Кипр халқы сезінді.