ТҮРКСОЙ БҰҰ Өркениеттер Альянсының Достар тобының мүшесі болды

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы-ТҮРКСОЙ БҰҰ Өркениеттер Альянсының (UNAOC) Достар тобының 159-шы мүшесі болды, деп хабарлайды Astana телеарнасы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Альянстың жоғарғы өкілі Мигель Анхель Моратинос 2023 жылдың 28 ақпанында ТҮРКСОЙ-дың осы халықаралық ұйымның қатарына қабылданғаны туралы хат жолдады.Бұған дейін 2022 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның "Өркениеттер альянсы" форумында UNAOC пен ТҮРКСОЙ ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев осы Альянсқа мүшелікке берген өтінішінде ТҮРКСОЙ мен UNAOC-қа мүше елдер арасындағы тығыз байланысты атап өтті. Енді олар мәдени дипломатияның жақтаушылары ретінде осы уақытқа дейін ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырған жұмыстарымен күш біріктіреді.Сондай-ақ, бас хатшы Раев 2023 жылы UNAOC-пен ынтымақтастықта әлемнің түрлі елдерінде өзінің 30 жылдығын атап өтетін ТҮРКСОЙДЫ ілгерілету бойынша түрлі жобаларды іске асыруға дайындық туралы хабарлады.Осы тұрғыда мәлімдемеде ТҮРКСОЙ мен UNAOC мәдени дипломатияның жақтаушылары ретінде өздерінің күш-жігерін осы уақытқа дейін ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырған қызметімен біріктіретіні айтылған.ТҮРКСОЙ Бас Хатшылығының хабарлауынша, 2022 жылдың шілдесінде БҰҰ Өркениеттер альянсымен өзара консультациялар нәтижесінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғарғы өкілі Мигель Анхель Моратинос арасындағы "Өркениеттер альянсы" БҰҰ форумында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Дарынды, еңбекқор еді»: Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Қазақстанның тай боксынан әлем чемпионын сыныптасы өлтірген
Шымкентте такси жүргізушісіне сәлемде ретінде берілген шәйнектен есірткі шықты
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды