Түркістан облысы «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I облыстық форумы өтті

Түркістан облысында «AMANAT» партиясы бастамасымен VIII шақырылымдағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I облыстық форумы болды. Биыл аймақта облыстық мәслихаттың 8 сессиясы өтіп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 115 шешім қабылданған. Есепті кезеңде депутаттар халықты толғандыратын проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға 238 депутаттық сауал жолдаған. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутаттар 1324 қоғамдық қабылдау өткізіп, 4561 азаматтың өтініштері тыңдалды. Форумға қатысушы депутаттар өзекті деген сауалдар бойынша басқарма және департамент басшыларына тікелей сауалдар қоюға мүмкіндік алды. Уәлихан ҰЗАҚОВ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Екі мың адам кезекте тұр үйде. Соған үй беру қиын болып жатыр. Биыл құдай қаласа 2024-те сол үй салдыруға, бірп адамға болсын үй салдырып берсем деген мақсатым бар. Соны істесем менің біраз бағдарламаларым орындалар еді. Жергілікті мәслихат депутаттарының форумы Маңыстау өңірінде де өтті. Жиынға қатысқан депутаттар мұндай форум жылды қорытындылауға, алдағы жоспарларды талқылауға арналған тамаша алаң деді. Биыл өңірде жаңа өнеркәсіптік нысан іске қосылып, 80-нен астам жаңа жұмыс орны ашылған. "Ауыл аманаты" жобасы аясында 102 миллиард теңге бөлінген. Кирилл ОСИН, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Биыл біршама жетістіктерге жеттік. Өңірде күрмеуі қиын мәселелер әлі де жеткілікті. Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету оның көлемін ұлғайту бойынша үлкен жобалар жүзеге асуы қажет. Себебі біз осы салаларда біраз проблемалар туындап жатқанын көріп отырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ-та Хабиб Нұрмағамбетов ұшақтан түсірілді
Құны 100 мың теңгеден асады: блогер бренд аяқ киімнің былығын көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстанда діни және ұлттық алауыздық тудырғысы келген қанша адам ұсталды?
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді
Чехияда мейрамхана жарылды: алты адам қаза тапты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
Йеменде жанармай құю стансасы жарылып, 10 адам қаза тапты
Қазақстан халқы 2025 жылы неше күн демалады
Қазақстанда өмірде бар, құжатта жоқ ауылдар бар болып шықты
Астанада жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды
«Зорлап, жалаңаш күйде далаға тастап кетеміз»: Ақтауда бір топ ер адам азаптаған марқұм қыздың құрбысы сұмдық жайт туралы айтты
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
АҚШ-та Хабиб Нұрмағамбетов ұшақтан түсірілді
Біршама өңірде тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Трамп Украинадағы соғысты бір күнде тоқтату туралы шешімін неге өзгертті?
IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Қазақстандықтар Қытай университеттерінде тегін оқи алады
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Мегаполистерде алдағы екі күнде ауа райы қандай болады