Түркістан облысы Келес ауданында Хашимовтар отбасы тандыр нан пісіріп, кәсіп дөңгелетіп отыр. Тандыр нан пісіру олар үшін ата кәсіп саналады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. «Пісірген нанымыз дәмді болуы үшін шынайы еңбек етеміз. Біз өз ісімізге бар күш-жігерімізді саламыз. Бастысы бұл шаруаны үлкен сүйіспеншілікпен атқару қажет», – дейді отағасы Мұрат. Күніне 200 нан пісіріп, сатады. Ал нанды пісіретін пешті өздері соққан. Оған қажетті сары, қызыл топырақты Қазығұрт ауданынан алдыратын көрінеді. Пештің көлемі әртүрлі болады. Үлкендерінде бір мезетте 80 нан пісіреді.Мұрат ХАШИМОВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бір тандырға екі күн уақыт кетеді. Күн салқын болса 3, 4 күнде дайын болады. Негізі осындай күн ыстықта көптеу істеп қоямыз. Соны кейін қыста да сатамыз. Топырақтың құрамына ешкі мен қойдың жүнін, жылқының қылын