Түркістан облысының тұрғынын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп әкеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасы polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы. Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.