Түркістан облысында апта басталғалы жел тоқтамай тұр. Салдарынан үйлердің шатыры ұшып, оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Қатты желдің әсерінен Кентау қаласында колледж бен «Қазақтелеком» мекемесінің шатыры ұшып кеткен. Қалпына келтіру жұмыстарына электр желілері мекемелерінен 8 бригада жұмылдырылған. Ал тұрғындарға мамандар ретсіз далаға шықпауға кеңес беруде.Ерік САРЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Түркістан облысы аумағында желдің ұйытқуы 26 м/с орташа деңгейге жетіп, таулы аудандарда 30м/с-ке жетуде. Қатты желдің салдарынан облыс аумағында 14 612 абонентте электр жарығы сөнген болатын. Қазіргі жағдай бойынша 2900 абонентке электр жарығы берілді.