Түркістан облысында 18 жастағы жаңа босанған әйел көз жұмды

Түркістан облысында босануға барған 18 жастағы әйел қайтыс болды. Севара Абдуллаева Қарабұлақ ауылының ауруханасына толғақпен түскен. Марқұмның туыстары оның ешқашан ауырмағанын, дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды деп топшылап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.Қара жамылған Әбілқасымовтар әулеті бір аптадан бері аза тұтып жатыр. Тұңғышын босануға кеткен келіндерінің ауруханадан мәйіті шыққан. Марқұмның жақындары Севараның көзі тірісінде ешқандай ауруы болмаған дейді. 24 қаңтар күні босанған кезде енесі тіпті көріп қайтқан екен. Босанғаннан кейін үш күн өткенде Севараның жансақтау бөліміне түскенін ауруханадағы кездейсоқ адамдардан біліпті. Енесінің сөзінше, дереу ауруханаға жеткенде дәрігерлер ештеңе түсіндіріп айтпаған. Тұңғышын босанған келіншек жансақтау бөлімінде екі сағат өткен соң көз жұмыпты. Туыстары дәрігерлер оның мәйітін көруге де мүмкіндік бермеді деп отыр."Менің күдігім, сағат 2-де түскенде, келінім жақсы еді. Дәрігердің салғырттығынан, қате екті ме, қателік жіберді ме... Өлетін келін емес еді. Бір сағат ішінде болды ғой. Қалай сенесің, ауырмаған келінді өлтіріп қойғанына. Жүрегі жарылып кетті деп жатыр. Бір рет жүрегіне шағым айтқан емес. Тоғыз ай жүріп, өзі туған келін, қалай жүректен өліп қалады", - дейді марқұмның енесі Гаухар Абулкасимова.Дәрігерлер үш күн палатада жатқан Севараның "кенеттен жүрегі қысылды" дейді. Сондықтан бірден жансақтау бөліміне жатқызып, облыстың ең білікті деген мамандарын санавиациямен шақыртыпты, бірақ мамандар жеткенше "өмірден озды" дейді. Ал мәйітті тексерген Шымкенттің паталого-анатомиялық бюросы марқұмның өкпе тамыры үзіліп кеткенін анықтапты."Ол сараптама қорытындысы, алдын ала болжамы өкпе тамыры тромбоэмболиясы деген. Қорытындысынан кейін бірнеше комиссия келіп, бұл іс тексерілетін болды, бақылау комитеті жағынан, денсаулық басқармасы жағынан. Одан бөлек өздері ішкі істер бөліміне арызданды. Ол жақтан да тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарабұлақ ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.Севара Абдуллаеваның мәйіті 28 қаңтар күйеуінің туған күні Қарабұлақ ауылында жерленді. Жаңа туған сәби Айша әкесінің қарындасымен бірге Шымкенттегі перинаталдық орталықта жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады