Түркістан облысында келер жылы 6 ауылдық мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Қазір аймақта 689 мәдениет және өнер ошағы бар. Былтыр «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында 13 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталып, соның 10-ы пайдалануға берілген. Бұл туралы Жетісай ауданында өткен «MIRAS» кеңесінің көшпелі отырысында айтылды. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған жиында Мырзашөл өңірінің бүгінгі ахуалы да сөз болды. Мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, кітапханаларды заманауи форматта жаңғырту мәселелері көтерілді. Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Кітапхана болатын болса, балалардың ойнайтын жері болса, мәдениет үйлері тұрақты жұмыс істейтін болса балалар мүмкін сондай келеңсіз жағдайларға ұшырамас еді. Сондай синтетикалық наркотиктер қолданбас еді деген сияқты өте бір өзекті мәселені көтерді. Бүгін біз ойламаған мәселеге тап болдық. Бұл ауданда жаңа азаматтар маған қолыма ұстатты, үш мәдениет үйі керек деп. Мен ойлаймын, бұл өте өзекті мәселе.