Түркістан облысында 3 адамды алдап соққан тұрғын анықталды

Түркістан облысында 3 адамды алдап соққан тұрғын анықталды. Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында танысы 2022 жылдың сәуір айында кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендіргенін көрсетті. Содан алаяқтың сөзіне иланған жәбірленуші оған 360 мың теңге берген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.Осыған ұқсас арызбен полицияға тағы екі әйел арызданды. Олар қайтарымсыз несие аламыз деп ақшаларын алаяққа берген. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 млн теңге. Орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Полиция қызметкерлері ұсталған жас жігіттің алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Күдікті қамауда отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
Финал үшін айқас. Қазақ боксшылардың жекпе-жектеріне трансляция
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин