Түркістан облысында 5 310 адамды ит тістеді

Түркістан облысында 6 мыңнан астам адамды жануарлар жарақаттаған, деп хабарлайды Kazinform. Өткен жылы Түркістан облысында 6 425 адам түрлі жануарлардан жарақат алған. Оның ішінде 5 310 адамды ит тістесе, 694 адам мысықтан, 46 азамат ірі қара малынан зардап шекті. Дегенмен, өңірде құтыру аурына шалдығу жағдайы тіркелген жоқ.Өңірдің эпидемиологтары тұрғындарды аса қауіпті аурудан сақ болуға шақырады. «Құтыру ауруының вирусы ауру жануарлардан тістеу, тырнау кезінде сілекей арқылы адамның тері қабатына енеді. Сосын жүйке талшықтары мен жұлын миына жеткен вирус адам өміріне қауіп төндіреді. Құтыру ауруына шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, тыныс алу мен жұтынуы қиындайды. Науқас суды көргенде немесе оны ойлаған кезде жұтқыншақ пен көмекейдің спазмалары ашылып, ауаның қозғалысынан, жарық шамының әсерінен, қатты дауыс, шуылдың әсерінен ұстамалары ұстай бастайды», - деді облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов. Эпидемиолог мамандар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмес үшін, қолдағы жануарларды уақтылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, ауруға қарсы вакцина салдыру керектігі туралы кеңес береді. Ең бастысы, мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды адамдардан аулақ ұстау керек. Айта кетейік, 2022 жылы аяғын ит тістеген 14 жасар бала уақтылы ем-дом алмаудың салдарынан араға бір жыл салып көз жұмған болатын. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді