Түркістан облысында ауыл әкімдігі бюджеттің 24 млн теңге қаржысын жымқырған

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында ауыл әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері 24 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Атамекен ауылы әкімдігі өкілдерінің тиісті мекемемен ымыраласа жасаған әрекетін облыс прокурорлары әшкереледі. Прокуроратура дерегінше, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға адамдарды құжат жүзінде ғана тартып отырған. Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде ештеңе істемеген және бұл туралы білмеген де. Лауазымды тұлғалар оларға сырттай төленген ай сайынғы жалақыны "Қазпошта" мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырып келген көрінеді. Хурсанбек ЮНУСОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған. Ал кейіннен олардың банктік есептік шоттарына қаржылар аударылып отырған. Сонымен бірге орталық және әкімдік қызметкерлері осы қоғамдық жұмыстарды өздерінің туысқандары және таныстарын тартып отырған. Сәйкесінше оларға да қаржы аударылған. Қазіргі таңда қылмыстық болу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды