Түркістан облысында 33 жастағы жігіт кішкентай қыздарды зорлап келген. Отырар ауданының тұрғынынан зорлық көрген қыздардың саны жетеу болып шықты. Бүлдіршіндерге азғындық жасаған педофил ұсталып, қамауға алынған,деп хабарлайды Астана телеарнасы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.Egovpress Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Отырар ауданында ұсталған педофил балабақшада жұмыс істеген. «Оның әрекетінен бірнеше бала зардап шеккен», – делінген хабарламада. Түркістан облысының полиция қызметкерлері екі жергілікті тұрғынның кәмелетке толмаған қыздарына 33 жастағы ауылдасының заңсыз әрекет жасағаны туралы арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Түркістан облыстық ПД басшысы Мұрат Қабденоатың тапсырмасы бойынша арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайды анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. «Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғыны ұсталды. Ер адам кінәсін мойындады. Мұндай фактілер міндетті түрде жіті бақылауда болады, сондықтан сабыр сақтап, заң аясында тергеудің нәтижесін күтулеріңізді сұраймын», – деді Мұрат Қабденов.